+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Белгілі перулік әнші өз концертін шегеріп, Нью-Йоркке Димашты көруге ұшып келді

2019 жылғы 11 желтоқсан 10:38
Бөлісіңіз:
Белгілі перулік әнші өз концертін шегеріп, Нью-Йоркке Димашты көруге ұшып келді

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Грэмми сыйлығының иегері, перулік атақты әнші Ева Айлан Димаш Құдайбергенді көру үшін өз концертін кейінге шегеріп, Нью-Йоркке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген JSTYLE 2019 байқауында жылдың үздік әншісі атанды Димаштың бейнебаяны ТОП 25 қатарына кірді Димаш Құдайбергенді сахалық жанкүйерлер қазақ тілінде құттықтады

Қос әнші Д. Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті аясында кездесті. Ева Айланның айтуынша, ол Димаштың әнін алғаш рет өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірінде тыңдаған. Анасы қайтыс болғаннан кейін ауыр күйзеліске ұшыраған перулік әншінің жабырқаған көңілін тіпті, сүйікті музыкасы да көтере алмаған. Осындай қиын уақытта ол Facebook-тен Димаштың «S.O.S» әнін орындаған видеосын көзі шалған.

«Сол сәттен бастап сенің әніңді күн сайын тыңдаймын. Күйзелістен арылдым», - дейді Димашқа ағынан жарылған Ева Айлан.

Осы аптада атақты әншінің концерті өтуі тиіс болған екен. Алайда, қазақстандық жас таланттың концертін тамашалау үшін оны кейінге қалдырып, Нью-Йоркке ұшып келген.

Димашқа арнайы дайындап әкелген сыйлығын табыс еткен Ева Айлан Перуде де қазақ әншісінің фан клубы өте белсендігі екендігін айтады. Олар Д. Құдайбергеннің әндерінің мән-мағынасын түсіну үшін өз тілдеріне аударып, шығармашылығының танымалдығын арттыруда белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр екен.

Димаштың анасы Светлана Айтбаева да Ева Айланға арнайы сыйлық табыстап, ұлының шығармашылығына деген шынайы сүйіспеншілігі үшін ризашылығын білдірді.

Еске салайық, Д.Құдайбергеннің 10 желтоқсанда Нью-Йоркте өткен жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер жиналды. Олар әншіні Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан Қазақстанның Туымен қарсы алған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT