Белгілі консалтингтік компания Бурабайдың туристік әлеуетін арттыруға атсалыспақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдың туристік әлеуетін дамыту жұмысына белгілі консалтингтік компания атсалысатын болады. Бұл туралы «THR» консалтингтiк компаниясы өкiлдiгi директорының мiндетiн атқарушы Христоф де Брюна мен Мирко Джерговик бастаған делегацияның Ақмола облысындағы Бурабай курортында болған кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш делегация Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында жасалатын жүйелiк жоспарды iске асыру үшiн арнайы шақырылған. Әдетте, бұл жоспарды халықаралық сарапшылар мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бекiтедi. Әлемдегi 70 елдiң курорттық жоспар жүйесiн әзiрлеуде мол тәжiрибесi бар компания өкiлдерi Бурабайда Үлкен Шабақты көлiнiң аумағын зерттейді. Сонымен қатар олар 233 гектар аумақта жалпылай туристерге арналған жоғарғы деңгейдегi демалыс аймағына айналдыру мәселесі бойынша өз ұсыныстарын бередi.

Соңғы жаңалықтар