Белгілі комментатор Жандос Смайлов жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы болып белгілі журналист, комментатор Смайлов Жандос Мейірбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ж.Смайлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған, сондай-ақ, әр жылдары «Қазконтент» АҚ-да республикалық Baq.kz ақпараттық порталында және El.kz жастар сайтында редактор, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық-мониторинг бөлімінің басшысы, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз хатшысы және «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-да бас сарапшы болып қызмет атқарды.

2015 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған», деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар