Белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ кино өнері ауыр қайғыға душар болды. Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинотанушы Бауыржан Нөгербек 70-ке қараған шағында дүние салды.

Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек 1948 жылы 6 тамызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылында дүниеге келген. 1989 жылы өнертану ғылымының кандидаты, 1999 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. 1971 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік кинематография институтының кинотану факультетін профессор Н.П.Туманованың жетекшілігімен тәмамдаған.

1981-1985 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының хатшысы болған. 1993 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында қызмет етіп, 2001 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Ол қазақ мультипликациялық кино саласын («Ертегілерге тіл біткенде». Қазақстанның мультипликациялық киносы, 1984), сондай-ақ кино өнерінің көкейкесті мәселелерін («Қазақстан киносы», 1998) зерттеумен шұғылданды.

Ғұмырының көп бөлігін өнер саласына арнаған қайраткер ел жадында мәңгі қалатыны анық.

Соңғы жаңалықтар