+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Белгілі кинорежиссердің үйін тонаған ұры ұсталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 18:48
Бөлісіңіз:
Белгілі кинорежиссердің үйін тонаған ұры ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы танымал кинорежиссердің үйін тонаған ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
39 жастағы Шымкент тұрғыны әке-шешесінің ақшасын жымқырған Қызылордада 17 жастағы жасөспірім ұрлық үстінде қолға түсті Кабель ұрлаған 4 елордалық ұсталды

Ұрылар оның үйіне тапа-тал түсте түскен. Үйде ешкімнің жоқтығына көз жеткізген ұрылар есікке сәйкес келетін кілтті тауып, үйге кірген.

«Олар қымбат техниканы ұрлап кеткен. Бұл техниканы үй иесі кино түсіруге қолданады. Сонымен, келген шығын көлемі 2,5 млн теңгеге жетті. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Бірнеше күн ішінде күдіктінің кім екені анықталып, ұсталды. 27 жастағы Талғар қаласының тұрғыны бұрын да мүлік тонағаны үшін істі болған. Ол қолды еткен қымбат аппаратты 200 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір аталған зат тәркіленіп алынды. Жақын арада иесіне қайтарамыз», - деді қалалық ПД басқарма басшысы Жанболат Зиадин.

Полиция Жаңа жыл қарсаңында статистика бойынша үй тонау деректері көбейіп кететінін айтты. Сондықтан, қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT