Белгілі кинорежиссер Метин Гюнай Сауран қалашығымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына танымал режиссер, «Ертұғырыл» сериалының авторы әрі режиссері Гюнай Метин келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар барысында ол ортағасырлық Сауран қалашығын аралап көрді.

Елбасының арнайы шақыртуымен Қазақстанға келіп, даңқты батыр - Қасым хан жайлы көп сериалы фильм түсіруді қолға алған режиссер жобаға тарихи орындарды іздестіруде екен.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен Отырартөбе қалашығын аралаған режиссер фильмге дайындық жөнінде пікір білдіріп, Сауранның тарихымен танысып шықты.

null

«Фильмнің сценарийін жазу барысында Қазақстандағы тарихи жерлер жайлы да көп іздендім. Түркістан қазақтың хандары мен батырларының сүйегі жатқан жер. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының да ұсынысы менің ізденісіме ұштаса түсті. Сондықтан Отырартөбе мен Сауранның деректері және тарихи іздері фильмде көрініс тапса деген ой туындады. Алдын ала танысып көру жұмыстарын бастадық», - деді режиссер Метин Гюнай.
null

Айта кетсек, жуырда ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістан облысындағы тарихи орындарға жасаған сапары барысында Сауран қалашығының тарихи келбетін сақтай отырып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен тарихи жерді туристік орталыққа айналдыру керектігін атап өткен болатын. Министрдің «киноларда қазақ халқының өмірін көрсету үшін тек киіз үйді орната беруі дұрыс емес. Біздің негізгі бейнеміз тарихи қалаларды тұрғызған көрегенділікте жатыр. Соның бір мысалы ретінде Сауран қаласын айтуға болады. Әрбір кірпішінің өзінде сол ғасырдағы терең философия жатыр»,- дегені белгілі.

Осы орайда, Қазақ Ордасының негізін салушы, қол бастауда да, ел басқаруда да ежелгі ата-дәстүрін меңгерген Қасым хан жайлы 75 сериялы фильм белгілі сұлтан, даңқты бахадүрдің қайраткерлік жолын көрсетпек.

null

null

Соңғы жаңалықтар