Белгілі қазақстандық тенор Ержан Нұрғалиев Карелия Республикасында екі концерт береді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Петрозаводск қаласындағы Карель мемлекеттік филармониясында белгілі қазақстандық тенор, «неоклассика» жанрының өкілі Ержан Нұрғалиев жеке концертін өткізбек. Бұл туралы әртістің өкілі хабарлады.

Жеке концерт «Онего» орыс халқының ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, Карелияның халық әртісі - Геннадий Миронов. Қазақ әртісі ән метрі: Андреа Бочелли, Фрэнк Синатра, Мүслім Магомаев, Рашид Бейбітовтың және қазақ халық әндерін орындайтын болады. «Жаңа жыл қарсаңында әдемі, ертегідей ғажап елде болғаныма өте қуаныштымын. Бұл елде орыс пен скандинав мәдениеті тоқайласқан. Ауасы таза, адамдары мейірімді ел екен», - деді Е.Нұрғалиев. Ержан Нұрғалиев «неоклассика» жанрының белді өкілдерінің бірі. Оның даусынан эстрада мен операның синтезін байқауға болады. 2014 жылы Мәскеуге көшкелі бері әнші Ресей сахнасында танымал болып қалды. Қазір ол Ресейдің белгілі продюсерлерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Осы уақыт аралығында әнші Мәскеуде 3 жеке концертін беріп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар