+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Белгілі экономист Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

2020 жылғы 7 қыркүйек 13:29
Бөлісіңіз:
Белгілі экономист Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Экономист Олжас Төлеуов Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Айжан Есмағамбетова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды Елорданың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

Олжас Төлеуов ақша-несие саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. мәселелерге қатысады.

Олжас Төлеуов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін бітірген. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің магистрі. Вусонг университетінің (Корея Республикасы) Solbridge бизнес мектебінде, Ресейдің Орталық банкінде, Чехия мен Швейцарияның Ұлттық банктерінде, сондай-ақ БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ESCAP) тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген.

Олжас Төлеуов әр жылдары AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-талдаушы қызметінен басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.

Тағайындауға дейін, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT