Белгілі дипломат Әуезхан Қырбасов көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі дипломат, ҚР Еңбек сіңірген мемлекеттік қайраткері Әуезхан Қырбасов көз жұмды.

2014 жылы 6 сәуірде таңғы сағат 10.00-де Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында атақты дипломатты ақтық сапарға шығарып салу шарасы өтеді.

Әуезхан Қырбасов әр жылдары Д.Қонаев атындағы қордың құрметті президенті, Қазақстандағы дипломаттар қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның әр елдердегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар