Белгілі диктор Тыныс Өтебаев дүниеден озды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал диктор, КСРО телерадиосының үздігі Тыныс Өтебаев 73 жасында өмірден озды. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 2017 жылдың 28 тамызында, «Қазақстан» телеарнасының танымал дикторы Тыныс Өтебай ағамыз 73 жасында өмірден озды. Телеарнаға 60-шы жылдардың аяғында келген Тыныс аға, талай жылдар Ұлттық арнаға адал қызмет етті. Тек қана диктор емес, ұзақ еңбек жолында түрлі редакциялардың басшысы болып, зейнетке «Қазақстан» корпорациясының төрағасының бірінші орынбасары қызметінен шықты! Ағамыздың туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!», деп жазды Е.Қарин.
Тыныс Өтебаев 1944 жылдың 14 наурызында дүниеге келген. Диктор, тележурналист. КСРО телерадиосының үздігі. Бұрынғы Шымкент облысы орталығындағы 7 жылдық мектепті, электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген.
Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған.
1963 - 66 ж. әскери борышын өтеді.
1967 ж. Өзбек радиосында диктор болып, тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысқан.
1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1989).

Соңғы жаңалықтар