Белгілі бизнесмен мәслихат депутаты болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген мәслихат депутаты болып сайланды. Оған №24 округ тұрғындарының басым көпшілігі дауыс берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25-наурызда №12-24 округтер бойынша бірқатар мәслихат депутаттары қызметінен кеткен болатын. Олардың бірі мемлекеттік қызметке кетсе, екіншісі істі болды.

Алматы қалалық Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, №24 округ бойынша белгілі кәсіпкер, блогер, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Қайрат Құдайберген 5 мыңнан аса дауыс жинап жеңіске жеткен.

№12 округ бойынша сайланған депутаттың есімі ертең арнайы брифинг барысында белгілі болады.

Айта кету керек, жергілікті маслихат депутаттығына сайлау еліміздің 68 округінде өтті.

68 депутаттың ішінде 10 адам - облыстық, 17 адам - қалалық, 41 адам аудандық мәслихаттарға сайланды.

Соңғы жаңалықтар