Белгілі биолог-ғалым Л.Қылышевтің 100 жылдығы кеңінен аталып өтілмек

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Лұқпан Қылышевтің 100 жылдығы туған жері Шыңғырлау ауданында кеңінен аталып өтілмек,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1909 жылы Шыңғырлау ауданында дүниеге келіп, ҚазПИ-ді тәмамдаған Л.Қылышев Қазақстан Ғылым академиясы ботаника, сондай-ақ молекулалық биология және биохимия институтында зертханаларды басқарып, ғылымға қызмет етті. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Райгүл Ниязованың айтуынша, Л.Қылышев өсімдіктердің физиологиясы мен биохимиясын зерттей жүріп, Қазақстанда қосымша синтезделетін заттардың биохимиясы, фитохимия бағыттарын дамытты. Сонымен қатар Қазақстан биохимиктері мектебін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты.

Шыңғырлау ауылындағы орталық көше Л.Қылышев есімімен аталады.

Соңғы жаңалықтар