Белгілі ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы Түркияда аталып өтілуде

None
None
ТАМБҰЛ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Қарашанын 25-26 күндері Түркияның Ыстамбұл және Анкара қалаларында «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымы қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған мерекелік бағдарламаларды ұйымдастырып отыр.

«ТҮРКІСОЙ», Ыстамбұлдың Айдын университеті, Түркі әдебиеті қоғамы және Еуразия жазушылар бірлестігінің ортақтаса ұйымдастырған бұл салтанатты жиындардың басты мақсаты еліміздің көрнекті ақыны Қ. Аманжоловтың баға жетпес шығармашылығын қоғам арасында кең көлемде одан әрі таныту болып отыр.

«ТҮРКІСОЙ» түркі дүниесінің әдебиет пен мәдениет өмірінде елеулі із қалдырған танымал ақын-жазушыларды еске алып, сондай-ақ олардың шығармалары мен еңбектерін жас ұрпаққа танытуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл шаралар шеңберінде 2011 жыл - қазақтың дауылпаз ақыны Қ. Аманжолов пен танымал татар ақыны Ғ.Тоқай жылы болып белгіленді.

Осыған орай, халықаралық «ТҮРКІСОЙ» ұйымы үстіміздегі жыл Қасым Аманжолов пен Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығына арналп көпттеген салтанатты шараларды өткізбек.

Екі күнге жоспарланған Қасым Аманжоловтың 100 жылдығы құрметіне мерейтойлық шараларға Түркияның мәдениет және туризм министрі Э.Гюнай, «ТҮРКІСОЙ» ұйымы бас хатшысы Д. Қасейінов, Еуразия жазушылары бірлестігінің бастығы Я.Делиөміроғлу, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Жайлыбай ,«Қасым» журналының бас редакторы А. Кептербаев және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысуда.

Аталған салтанатты жиындарда ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына арналған фильм көрсетіліп, өлеңдері оқылып, концерттік бағдарлама жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар