Белгілі адвокат айыппұлды рәсімдеуден қорықпауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық белгілі адвокат Джохар Утебеков Фейсбуктегі парақшасында жүргізушілерге айыппұлды ресми рәсімдеуден қорықпауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 2015 жылдан бастап жол ережелерін бірнеше мәрте бұзғаны, яғни  бір жыл ішінде жол қауіпсіздігін үш рет бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру тәртібі алынып тасталды. (Экзотикалық тәртіп.  Авариялық аялдаманы жасау мен темір жол өтпесінің тәртібін екінші рет бұзу жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырады). Бізде бірнеше мәрте жол тәртібін бұзғанға қатаң жаза жоқ. Айыппұл көлемі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бір бабы бойынша ереже бірнеше мәрте бұзылған жағдайларда ғана ұлғайады», - деп жазады адвокат Фейсбуктегі парақшасында.

Адвокат мысал ретінды былай дейді, егер сізге  жол белгісі бойынша тоқтағаны үшін айыппұл салса, онда оның көлемі тек белгіленбеген орынға тоқтағаны үшін ғана көтеріледі. Ал қауіпсіздік белбеуі немесе фар үшін айыппұл өспейді.

«Сондықтан да пара беріп барлығын сол жерде жеңіл шешіп аламын деп ұмтылмаңыз және ресми түрде айыппұл рәсімдеуден қорықпаңыз. Сіз жол тәртібін қайталап бұзған кезде де жүргізуші куәлігінен айырылмайсыз, айыппұл көлемі де өспейді егер сіз дәл сол жол тәртібін бұзбасаңыз», -  дейді Д.Утебеков.

Сондай-ақ ол егер тәртіп бұзғанын мойындау түбіртек бойынша айыппұлды 50% төмендетеді деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар