Белгіленбеген жерден өтпек болған: Алматыда кейуананы көлік мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 72 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкелген жол-көлік апаты Райымбек даңғылынан төмен Механическая көшесінің бойында болған.

«Оқиға орнынан 200 метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бірақ, өкінішке орай, егде жастағы әйел жол ережесін елемей, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар