«Белес Агро» ЖШС Орал қаласында нан зауытын іске қосуды көздеп отыр

None
None
ОРАЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Белес Агро» ЖШС Орал қаласында 2014 жылы нан зауытын, 2016 жылы қазіргі заманғы макарон желісін іске қосуды көздеп отыр.

Әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес Агро» ЖШС-ының астық өңдеу кешені Зеленов ауданы Белес ауылында 2009 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. Араға он ай салып, толық қуатына көше бастаған диірмен кешені өткен жылы 35 мың тонна бидай тартып, 26,5 мың тонна астық өндірді. Бүгінде түрлі сұрыпты астық, кебек пен жарма ұнтағын өндіруде. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыс жасаса, соның 30-ы Оралдан қатынайды, 70-і - Белес ауылының тұрғындары. Олардың арасында жас мамандары да бар. Біліктіліктеріне қарай жалақы төленеді. Ал жұмыстың бәрі компьютерлендірілген. Шикізат та жеткілікті. Компанияның арнайы бункерлерінде 15 мың тонна бидай сақталуда.

Өнім негізінен Атырау мен Ақтауға жөнелтілуде. Сонымен қатар НАТО бөлімшелері үшін макарон өнімін дайындау жөніндегі тендерді ұтып алған өзбек фирмасы «Белес Агроның» түрлі химиялық қоспалар қосылмаған, витаминдендірілген астығын қолай көрген.

«Белес Агро» ЖШС болашақта Қазақстан мен Ресейдің ірі қалаларында сұранысқа ие азық-түлік кебегін шығаруды да ойластыруда.

Соңғы жаңалықтар