Беларусь жұмысшылары алтын қазына тауып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың Гродно қаласында алтын монеталар мен әшекей бұйымдардың көмбесі табылды. Бұл жайлы БЕЛТА хабарлайды.

Көмбені көне ғимарат мауэрлатын бұзып жатқан жұмысшылар тапқан. Олар қорапшаның ішіндегі әшекей бұйымдар мен отыздан астам алтын монета туралы милицияға хабар береді. Оқиға орнына музей мамандары де жылдам жетеді.

null 

Монеталар XVIII-XIX ғасырларда соғылған. Ал он шақты әшекей бұйымдар мен құжаттар ХХ ғасырдың бас кезіне тән. Оның құны әзірге белгілі емес, мамандар оны зерттеп жатыр.

null 

Егер көмбе құнды болып шықса, оның 25 пайызы медицина орталығын дамытуға жұмсау жоспарланып отыр.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар