Беларусь телеарнасында қазақстандық телехикая көрсетілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 ақпаннан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның тапсырысы бойынша түсірілген «Әке» телехикаясы Беларусь Республикасының «+ТВ» телеарнасы эфиріне шыға бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат телекорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әке» телехикаясы бұл - басты кейіпкер мен балаларының басынан кешкен оқиғалар желісін сипаттайтын отбасылық драма.

Айта кету керек, «+ТВ» Беларусь Республикасында ерекше қарқын алып келе жатқан телеарна. Телеарна эфирі елдің ірі кабельді операторлар желісі арқылы таратылады. Негізгі аудиториясы 3 000 000 көрерменнен асатын телеарна аптасына 7 күн, 24 сағат бойы хабар таратады. «+ТВ» телеарнасы үшін «Әке» туындысы қазақ медиаөнімі бойынша алғашқы тәжірибе.

Соңғы жаңалықтар