Беларусьтегі сайлау ашық, жариялы әрі бәсекеге толы болды – ТМД миссиясы

None
None
МИНСК. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Беларусь парламентінің Өкілдер палатасының депутаттар сайлауы ашық әрі жариялы болды. ТМД елдерінен келген бақылаушылар миссиясы осындай пікірде, деп атап өтті миссия басшысы Сергей Лебедев. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ТМД бақылаушылар миссиясы Беларусьтегі сайлауға қатысты қорытынды мәлімдеме әзірлеп отыр. Ол сайлаудың нәтижесі ресми түрде бекітілгеннен кейін жарияланады. Сергей Лебедев миссия қорытындысының басты түйіндерін мәлімдеді.

«ТМД елдерінен келген бақылаушылардың пікірі бойынша, Беларусь билігі, сайлау комиссиясы науқанның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етті», - деді ол.

Сергей Лебедевтің айтуынша, сайлау Беларусь Конституциясына, Сайлау кодексіне сәйкес, ашық әрі жариялы түрде өткен және демократиялық сайлау өткізу қағидаларына сай болған.

Беларусьтегі парламент сайлауында ең көп бақылаушылар ТМД миссиясы болды. Оның құрамына Достастықтың сегіз елінен 475 өкіл тартылды.

Еске сала кетейік, жексенбіде Беларусьтың Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының жетінші шақырылымының депутаттар сайлауы өтті.

Бұған дейін Беларусь Парламентінің жаңартылған қос палатасы алғашқы сессияларын 6 желтоқсан күні өткізетінін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар