Беларусьтегі президент сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь республикасының Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,23% дауыс жинаған.

Комиссияның мәліметінше, сайлаушылардың 9,9%-ы Светлана Тихановскаяға, 1,68% Анна Канопацкаяға, 1,04% Андрей Дмитриевке, 1,13%-ы Сергей Череченьге, ал 6,02%-ы барлық үміткерге қарсы дауыс берген.

Сайлаудың қазіргі нәтижесін журналистерге ОСК төрайымы Лидия Ермошина жариялады.

«Біз оларды қолмен жаздық. Өйткені Орталық комиссияда сарапшы екеуіміз ғана болдық. Түнгі сағат бірде Үкімет үйінен эвакуацияландық. Сондықтан біз нәтижелерді қабылдай алмадық. Нәтижелер брифинг басталар алдына ғана қолымызға тиді», - деді Лидия Ермошина.

Кеше Сайлау комиссиясы орталығының басшысы ауруханалар мен әскери бөлімдерде құрылған жабық сайлау учаскелеріндегі нәтижені жарияланған. Сонымен қатар, жекелеген бірқатар аудандар бойынша дауыс беру нәтижесі жарияланды.

Беларусь ОСК-ның мәліметі бойынша, сайлауға 5 798 908 адам, яғни тізімдегі сайлаушылардың 84,23%-ы қатысқан.


Соңғы жаңалықтар