Беларусьте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ойындары өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД елдерінің ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында өтеді. Бұл туралы Беларусь Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы ойындар 2021 жылы Қазанда сәтті өтті. ТМД елдерінің келесі ойыны 2023 жылдың 4 тамызында басталып, 14 тамызда аяқталады», - деді Игорь Петришенко.

Осы орайда ол Беларусь бұл жарыстарды ұйымдастыруға толық дайын екенін, барлық қажетті спорт инфрақұрылымы жасақталғанын айтты.

«Ойындардың тұжырымдамасы аясында Беларусь өңірлерінің тоғыз қаласында спорттың 21 түрінен іс-шаралар өткізу жоспарланған», - деді Беларусь вице-премьері.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада ТМД Үкімет басшыларының кеңесі басталды.



Соңғы жаңалықтар