+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Беларусьте Президент сайлауына негізгі дауыс беру басталды

2020 жылғы 9 тамыз 11:02
Бөлісіңіз:
Беларусьте Президент сайлауына негізгі дауыс беру басталды

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – 9 тамызда Беларусьте Президент сайлауына негізгі дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Беларусь президенттігіне үміткерлер: Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Александр Лукашенко, Светлана Тихановская және Сергей Черечень.

ОСК-да 153 аумақтық сайлау комиссиясы және 5723 учаскелік комиссия құрылды. Дауыс беру үшін 5767 учаскі құрылды, оның ішінде 231-і – санаторийлерде, профилакторийлерде, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін басқа денсаулық сақтау ұйымдарында, 13-і – әскери бөлімдерде және 44-і – Белоруссиядан тыс жерлерде.

Сайлау учаскелері 8:00-де ашылды. Сайлауда 6 836 585 адам дауыс бере алады. 248 халықаралық және 50 мыңға жуық ұлттық бақылаушылар болады.

Беларусь президентінің сайлауы тікелей өтеді. Мемлекет басшысын тікелей беларусь халқы сайлайды. Дауыс беру құпия түрде жүргізіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сайлау өтті деп танылады. Егер мемлекет басшысын дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан астамы қолдаса, сол президент болып сайланды деп есептеледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT