Беларусьте президент сайлауы 2020 жылы өтеді

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Беларусьте 2020 жылы президент сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Александр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Президент қоғамның саяси белсенді бөлігін сайлауалды іс-шаралар мәселелері толғандыратынын атап өтті.

«Бұл табан астынан неліктен дау тудыратын тақырыпқа айналғанын білмеймін. Бізде заң бар, Конституция бар. Өздеріңіз жақсы түсінесіздер, мен бұл жерде ары-бері айналдырып, билікті қолымда сақтап қалу үшін қандай да бір тиімді жағын іздеп отырмаймын. Кейбір саясаткерлер тұрақты экономикалық жағдайға, мейлінше жайлы жағдайға сілтеп, президент сайлауын биыл өткізуді де ұсынып отыр», - дейді А. Лукашенко.

«Қайталап айтайын, қандай да бір тиімді факторларға қарап бой түземейміз. Президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс. Сайлау елімізде қандай жағдай болса да, 2020 жылы өтеді. Біз халықпен ойнамаймыз, бірер фигура үшін саяси ойындар өткізбейміз. Президент сайлауы қатаң түрде заңға сәйкес, Конституцияда белгіленген уақытта өтеді», - деді Беларусь Президенті.

Соңғы жаңалықтар