Беларусьте коронавирус жұқтырғандар саны 38 мыңнан асты

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусьте коронавирусты 38 059 адам жұқтырып, дерттен 208 адам көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

26 мамыр күнгі деректер бойынша, Беларусьте COVID-19 диагнозы расталған 15086 пациент сауығып, ауруханадан шығарылды.

Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 38 059 адамның COVID-19 вирусына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Елде барлығы 472 906 тест тапсырылды.

Жалпы ел аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 208 науқас көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар