Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны елде 4 204 адамды құрап отыр.

Бұған қоса, жақында тағы 4 адам көз жұмды. Коронавирустың кесірінен қайтыс болғандардың жалпы саны — 40.

Бүгінде 203 науқас емделіп шыққан.

Инфекцияның ағзада бар-жоғын анықтау үшін 81 246 тест жасалған.


Соңғы жаңалықтар