+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Беларусьте қазақстандық жүк тасымалдаушылардың мәселесі талқыланды

2020 жылғы 24 қараша 21:25
Бөлісіңіз:
Беларусьте қазақстандық жүк тасымалдаушылардың мәселесі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жуырда Беларусьтегі Қазақстан дипломатиялық корпусының қызметкерлері Брест және Гродно өңірлік кедендерінің өткізу пункттеріне барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дипломатиялық корпусының қызметкерлері ЕАЭО шекарасының Беларусь-Литва және Беларусь-Польша учаскелерінде орналасқан Брест және Гродно өңірлік кедендерінің өткізу пункттеріне барды.

Сапар барысында Қазақстан дипломаттары шекарадағы кедендік бақылау процесімен, кеден қызметкерлерінің паспорттық бақылау жүргізу рәсімімен, «Каменный Лог», «Брузги», «Козловичи», «Брест-Западный» өткізу пункттерінің және «Каменный Лог-Белтаможсервис», «Бремино-Брузги», «Брест-Белтаможсервис-2» көлік-логистикалық орталықтары өткізу пункттерінің инфрақұрылымымен танысты.

Кедендік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушыларда туындайтын проблемалық жағдайлар Гродно өңірлік кеденінің бастығы – А.Н. Ковальчук және Брест кеденінің бастығы – А.К. Пихунмен талқыланды.

Тауарлар мен көлік құралдарын ЕАЭО-ның сыртқы шекаралары арқылы өткізу кезінде кедендік әкімшілендіру мәселелерін шешуде жан-жақты жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жыл сайын ЕАЭО сыртқы шекарасының Беларусь учаскесі арқылы Қазақстан Республикасына 40 мыңға жуық көлік құралы, Қазақстан Республикасынан – 15 мыңға жуық көлік құралы өтеді.

2020 жылдың 10 айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері Қазақстанның Беларусь Республикасындағы шетелдік мекемелерінің жанында әртүрлі сипаттағы қазақстандық тасымалдаушылардың 42 өтініші бойынша жәрдем көрсетті. Шара барысында Беларусь Республикасының кеден қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып 160-тан астам кедендік декларация бойынша мәселелер пысықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT