Беларусьте бір тәулікте 609 адамнан COVID-19 анықталды

None
None
МИНСК. БЕЛТА–ҚазАқпарат - Беларусь елінде ббір тәуліктер 609 адамнан COVID-19 анықталды. 779 пацианет жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы бері Беларусь елінде 415 339 адамда коронавирус ПТР тесті арқылы анықталды. Індеттен 408 307 пациент жазылды, оларда COVID-19 диагнозы қойылған болатын.

Елде коронавирус инфекциясынан 3 113 пациент көз жұмды.

Өткен тәулікте 18 032 тест жасалды. індет басталғалы бері елде инфекцияны анықтау үшін 6 754 808 тест жасалған.

Еске слаа кетсек, Иран ай сайын 2 млн-ға жуық «Спутник V» вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Иран аумағында аталған екпені өндіретін фармацевтикалық компанияның директоры Реза Мостоуфи мәлім етті.

Айта кетсек, «Спутник V» екпесі бүгінде халық саны 3,5 млрд-қа жеткен әлемнің 67 елінде тіркелді. Оның қатарында Аргентина, Сербия, Бахрейн, Венгрия, Мексика және тағы басқа мемлекеттер бар. Бұл елдер коронавирус індетіне қарсы жасалған ресейлік вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін мойындап отыр.


Соңғы жаңалықтар