Беларусьте әскери ұшақ апатқа ұшырады

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат – Беларусьтің Барановичи қаласының маңында Лидской шабуылдаушы әуе базасының Як-130 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында экипаж техникалық ақау байқаған. Ұшқыштар ұшақты елді мекеннен алыс алып кетуге тырысқан. Құлау траекториясының тұрғын үйлерден алыс екеніне көз жеткізген кезде ғана олар катапультанды.

Өкінішке орай, екі ұшқыш та қаза тапты. Басқа құрбандар мен қирандылар жоқ.

Апаттың салдары ТЖМ күштерімен жойылды.

Апат орнына Беларусь Қорғаныс министрінің қарулану бойынша орынбасарының бастамасымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шықты.


Соңғы жаңалықтар