Беларусьтағы Парламент сайлауы: Сайлаушылар ерекше белсенді

None
None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Беларусь халқы Парламент сайлауына ерекше белсенді атсалысуда. Өз кезегінде ол сайлауды ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік артып отыр.

Бұл туралы бүгін Республика Кеңесінің төрағасы Михаил Мясников ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Республика Кеңесінің төрағасы Беларусьтағы Парламент сайлауының сайлаушылардың да, халықаралық байқаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып отырғандығына назар аударды.

«Сайлауға деген осыншама қызығушылық оны ұйымдастырушыларға қосымша жауапкершілік артып отыр»,-деді ол.

«Ең басты тақырып – сенім мәселесі. Егер адамдар сайлауға қызығушылық танытып, дауыс беруге барып жатса, бұл елде заң саласы бойынша жұмыс істеп жатқан институттарға деген сенімнің көрсеткіші болмақ. Бұл бізге өз міндетімізді үлкен жауапкершілікпен атқару керек дегенді білдіреді»,-деді Михаил Мясников.

ТМД мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылары сайлауға дайындық пен оны өткізу жұмыстарының дайындығын бағалауды кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда. Біз үшін сайлауды әріптестеріміздің сырттан қалай бағалайтыны өте маңызды»,-деді ол.

ТМД байқаушыларының аралық есептерін спикер сайлау үдерісіне дайындықтың алғашқы кезеңін бағалайтын принципті құжат деп бағалады. Палата депутаттарының сайлауына ТМД ПАА-нан 49 байқаушы аккредитацияланды.

Олар Минск, Гродненск облыстарында және Минск қаласында, сондай-ақ шет мемлекеттерде ашылған сайлау учаскелерінде жұмыс істейді. 7-ші рет шақырылған Палата депутаттарының кезектен тыс сайлауы 12 қарашада басталып, бүгін аяқталады. Төрт күн ішінде сайлаушылардың саны 27,5 пайызды құрады. Дауыс беру күні 17 қараша.

Соңғы жаңалықтар