Беларусь СІМ Түркияда дипломаттың жарақат алуына қатысты түсінік берді

None
None
АНКАРА-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей елдің Түркиядағы Елшілігі қызметкерінің жаралануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаға оқ атқан адамның аулада ойнап жүрген балалардың әрекетіне наразылығы себепші болуы мүмкін. Беларусь бас дипломатының мәлімдемесі осындай.

Еске сала кетейік, 24 шілде күні кешкісін Түркиядағы Беларусь елшілігінің кеңесшіне үйіне қайтып келе жатқан кезде белгісіз біреу оқ атқан. Дипломат баласымен бірге болған, ол зардап шеккен жоқ. Шабуылды бұрын әскери қызметші болған психикалық ауытқуы бар адам жасаған. Қылмыскер шабуыл жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

«Қазір егжей-тегжейлі тексеріс жүріп жатыр. Біздіңше, мұның ешбір саяси астары жоқ. Аулада ойнап жүрген балалардың әрекетіне наразы болған адам ашуға бой алдырған болу керек», - дейді Макей.

Оның айтуынша, әлі тас түйін қорытынды айтуға ертерек. Министр, сонымен қатар шұғыл көмек көрсеткені үшін Түркия тарапына алғыс білдірді.

Айта кетейік, Беларусьтың Түркиядағы елшісі Андрей Савиных жараланған дипломат есін жиғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар