Беларусь ШЫҰ-ға мүше болуға өтінім дайындады

Фото: None
ТАШКЕНТ. ТАСС –ҚазАқпарат – Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуге өтінім дайындады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей президентінің ШЫҰ жөніндегі арнайы өкілі Бахтиер Хакимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«8-і күні Беларусь СІМ бас басқармасының бастығымен консультация өткіздім. Ол Беларусь тарапы оларды ШЫҰ-ға жедел қабылдауды сұрайтынын және ұйымға өтініш беру бойынша президентке ұсыныс дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өтініш ведомствоаралық форматта әзірленіп, оны республиканың Министрлер кабинеті мақұлдаған», - деді Хакимов Ташкентте өтіп жатқан ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысында.


Соңғы жаңалықтар