Беларусь Президентін Қазақстандағы қай салалар қызықтырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен ынтымақтастықта өз елі үшін маңызды басым бағыттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Басымдықты бағыт ретінде өнеркәсіптік кооперацияны ары қарай дамытуды айқындадық. Яғни бізді жай ғана саудадан бірлескен кәсіпорындар құрумен кооперациялық байланыстарға көшіп жатырмыз. Бұл бағытта екі ел аумағында Беларусь және Қазақстан азаматтары жұмыс істейді», - деді ол Ақордада.

Сонымен қатар, А. Лукашенко қол жеткізілген келісімдер туралы, сондай-ақ комбайндар және өзге де ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыру жайында айтты.

«Сонымен қатар біз Минск трактор зауытының техникасын Қазақстанда шығару стратегиясын айқындадық. Өнеркәсіптік кооперациямен қатар, екі ел арасында басқа да салаларда ынтымақтастықты нығайту үшін елеулі әлеует бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, жол құрылысы, мұнайхимиясы кешені, ІТ-технология, ғарышты бейбіт мақсатта игеру бағыттары бар», - деді ол.

«Дәстүрлі түрде бізді Қазақстанда өндірілген металл, астық, мақта талшығы, мұнай өнімдері және басқа да өнімдер қызықтырады. Өздеріңіз білесіздер, Беларусь мұнай жеткізілімін әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Сондықтан да Қазақстаннан осы шикізат импортына мүдделіміз», - дед Беларусь Президенті.

Соңғы жаңалықтар