Беларусь пен Ресей алимент төлеу бойынша сот шешімін бүкіл ЕАЭО-ға таратуды ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь және Ресей тараптары алименттерді төлеу туралы сот шешімдерін бүкіл Еуразиялық экономикалық одаққа таратуды ұсынып отыр, деп хабарлады Беларусьтің бас сот орындаушысы Андрей Авдеев, деп жазады БЕЛТА.

«Алименттер туралы келісім өткен жылдың соңында күшіне енді. Ол 2016 жылы іске асырылады. Беларусь пен Ресей Әділет министрліктері бірлескен алқасының бұл тәжірибе мониторингін тек алименттер бойынша ғана емес, Ресей мен Беларусь соттары мен басқа органдары шешімдерінің тек Одақтас мемлекеттің аумағында ғана емес, ЕАЭО-да кедергісіз орындалуы үшін атқарушы құжаттардың басқа да түрлеріне таралу мүмкіндігіне қатысты тапсырмасы бар. Бұл бағыттағы жұмыс ағымдағы және келесі жылы да белсенді жалғастырылады деп ойлаймын», - деді Андрей Авдеев.

Соңғы жаңалықтар