Беларусь пен Литва шекарасында 800-ден астам жүк көлігі кептелісте тұр

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Литваға шығар жолда жүк көліктерінен үлкен кептеліс орнады. Бұл туралы ҚазАқпарат БЕЛТА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жедел мәлімет Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің сайтында жарияланған.

Сағат 12:00-де Литваға шығар жолда 800-ден астам жүк көлігі кептелісте тұр. Ең үлкен кезек «Каменный Луг» өткізу бекетінде, онда 2700-ден астамы жиналған.

«Котловкадағы» шығу үшін орнаған кезектегі көліктер саны 200-ге жетті. Ал «Бенякони» бекетінде - 190-нан астам, «Привалкада» -150.


Соңғы жаңалықтар