+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Беларусь пен Қазақстан бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырады

2018 жылғы 27 қараша 09:10
Бөлісіңіз:
Беларусь пен Қазақстан бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь пен Қазақстан бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығарады. Бұл туралы Беларусь премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

«Таяу уақытта Қазақстанда беларусьтік ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыратынымыз күтіледі. IT-саладағы өзара ынтымақтастықтың қарқыны артып, осы салада бірлескен бастамалар саны артатынына үміттенеміз», - деп атап өтті Александр Турчин.

«Өнеркәсіптік кооперацияға, ауыл шаруашылығы мен көлік салаларындағы ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, IT, ғарыш және жоғары технологиялар салаларындағы инвестициялық ынтымақтастыққа серпін беру қажет деп есептейміз», - деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Беларусь тарабы инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік бірлескен жобаларға белсенді қатысуға дайын.

«Жібек жолы экономикалық белдеуінің дербес бағыты немесе бастаманың бір бөлігі ретінде Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы мен «Ұлы тас» Қытай-Беларусь индустриялық паркінің әлеуетін бірлесіп пайдалану керек», - деп есептейді Александр Турчин.

Өз кезегінде Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин де Беларусьпен өндірістік кооперацияны кеңейтуді қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, проблемалық жағдайлар талқыланған, енді келісімді тәжірибеде жүзеге асыру керек. Қазақстан Беларусьпен Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы контейнерлік тасымалдау көлемін арттыруға мүдделі. Беларусь пен Қазақстан үкімет отырысында 2019-2020 жылдарға ынтымақтастықты дамытудың жол картасына қол қояды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT