Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар одан ары нығая береді - А.Лукашенко

None
None
МИНСК-АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне белоруссиялық көшбасшының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Егемендік жылдарында Қазақстан мемлекеттілігін бекемдеу, әлеуметтік-экономикалық дамуда ауқымды табыстарға жетіп, халықаралық аренаны мойындатты», - делінген хабарламада.

Беларусь мемлекетінің басшысы Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас екі ел арасындағы достық, құрметтеушілік, сенім және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде одан әрі ныға түсетіндігіне сенімін білдірді. Олардың жан-жақты кеңеюіне, тереңдеуіне Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың күшіне енуі септігін тигізеді, деп атап өтті Александр Лукашенко.

Соңғы жаңалықтар