Беларусьпен арадағы әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпаратқа түсініктеме берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың фотосуреті тарады. Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.


Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар