Беларусь палуаны бір мезгілде 15 МАЗ көлігін сүйреді

None
None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Беларусь палуаны Дмитрий Белайц МАЗ-дың қаз-қатар тізілген үшөстік 15 тартқышын орнынан жылжытып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Ол техниканы 7 м 20 см қашықтыққа екінші талпыныстан 1 мин 0,75 секундта сүйреп апарды. Жүктің жалпы салмағы 157,5 т құрайды.

«Бұл рекорд Александр Григорьевич (Лукашенко – ред .) бастаған барша беларусьтықтарға арналады. Біз бірге мықтымыз, бізді ешкім жеңе алмайды», - деді Дмитрий Белайц.


Мұндай үлкен трюкті жасамас бұрын (алғаш рет жасалды) палуан ұзақ уақыт жаттыққан.

«Басшылық көмектесті. Мен көптеген әлемдік компаниялардан шақырту алдым, алайда Минскі автомобиль зауытын таңдадым. Бүгінде ол Беларусь халқының мақтанышына айналды. Қиыр Шығыс, Қазақстан, Украина елдері бізді МАЗдар арқылы бағалайды. Мақтанатын дүниеміз баршылық», - деді Дмитрий Белайц.


Дмитрий Белайц – Беларусь күштік көпсайыс федерациясының құрметті өкілі және «МТЗ Сибирь» ЖШҚ бас директоры. Спортшы Гроненскі облысында дүниеге келген, ұзақ уақыт дзюдомен, самбомен айналысып, ұлттық құрамада ойнаған. Ал кейін күштік экстриммен әуестенген. Бұған дейін серіктесі Михаил Шивляковпен бірге әлемдегі ең үлкен тракторды тартқан екен.


Соңғы жаңалықтар