Беларусь отбасы Роза Бағланованың әндері жазылған көне дискіні сақтап келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь мемлекеттік музыка академиясында әлемге әйгілі әнші, «Халық қаһарманы» Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған ғылыми оқулар өтті. Жергілікті тұрғын жиынға әншінің танымал қос әні жазылған көне дискіні алып келді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қатысушылар Роза Бағланованың «адам жүрегіне қалай терең әсер етіп, жанының нәзік пернесін қозғай алғанына» таңданды.

«Қазақ пен беларусь халқы әр түрлі, мәдениетіміз де ұқсас емес. Дегенмен, ортақ нәрселеріміз де бар екені мені қатты таң қалдырды. Роза Бағланова - соның дәлелі. Әлемнің ондаған тілінде ән айтып, әр түрлі халыққа олардың ана тілінде сөйлеуі - тек қазақтың ғана емес, әлемдік мәдениетті насихаттайтын тұлға болғанын білдіреді», - деді Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Елена Куракина.

Шара барысында әншінің сұхбатына негізделген «Өткеннің нұры» деректі фильмі көрсетілді, естеліктерінен үзінділер келтірілді. Солардың бірінде халық әртісі былай депті: «Сахна мен үшін әрқашан қуанышқа толы болды. Мен сахнада бауырымды және жақын адамымды құшақтап, сүйгендей боламын. Мен оны соңғы деміме дейін жақсы көруге және одан атақ, мансап немесе пайда іздемеуге уәде бердім». Роза Тәжібайқызы бұл ұстанымды ешқашан өзгертпеді.

Басқосуға жергілікті тұрғын әншінің ең танымал әндері - «Самара-городок» пен Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» жазылған раритет дискіні алып келген. Ол Роза Бағланованың музыка мен адамдарға деген сүйіспеншілікке толы ұлы талантын мойындаудың айғағы ретінде соғыстан кейінгі жылдары жазылған бұл диск отбасылық мұрағатта сақталып келгенін айтты.

Сондай-ақ, шараға музыкатанушылар, өнертанушылар және түрлі мемлекеттердің азаматтары, оның ішінде 1941 жылғы майданнан бастап, өткен ғасырдың соңына дейін сахналарында Роза Бағланова өнер көрсеткен елдердің өкілдері қатысты.

Айта кетсек, ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын тұлғалар тізіміне енген даңқты әншінің 100 жылдығына арналған шаралар ресми түрде елордада басталған болатын.



Соңғы жаңалықтар