Беларусь мемлекетінде орманға баруға уақытша тыйым салынды

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Тыйым салу мен шектеу шаралары Беларусьтің 36 ауданында қойылған. Мұндай ақпарат Орман шаруашылығы министрлігі сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Гомель облысы Ветков ауданында уақытша орманға баруға тыйым салынды. Гродненск облысы, Минсктің 15 ауданы (Логойский, Борисовский, Червенский, Пуховичский, Копыльский, Мядельский және Воложинский-ден басқа), сонымен қатар Гомель облысының Октябрьский, Речицкий және Мозырский аудандарында орманға баруға шектеу қойылды. Шектеу шаралары уақытша және ормандағы өрт қаупі тұрақталғаннан кейін алынады.

Орман шаруашылығы министрлігінің сайтында тыйым мен шектеудің интерактивті картасы жарияланды. Сол арқылы қай аудандарда орманға баруға уақытша тыйым салынғанын жедел көруге болады. Орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын немесе шектеу ережелерін бұзғандар әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 15-бабына сәйкес ескерту алады немесе 25 базалық көлем (1 БК - Br27) шамасында айыппұл салынады.


Соңғы жаңалықтар