+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Беларуське мұнай экспорттау келісіміне 2020 жылдың басында қол қойылуы мүмкін

2019 жылғы 6 желтоқсан 16:47
Бөлісіңіз:
Беларуське мұнай экспорттау келісіміне 2020 жылдың басында қол қойылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь мемлекеті Қазақстанмен бірге тағы бірнеше елден мұнайды шикізат ретінде алып, өз зауыттарында өңдеп алмақ. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Беларусь дайын мұнай өнімдерінен бұрын өздері өңдеп алатындай мұнай, газойль секілді шикізатқа көбірек қызығып отыр. Олар осылайша, шикізатты өз зауыттарында пайдаланып, дайын өнімге ие болмақ. Сол себепті, менің ойымша, олар біздің бензинге қызығып отырған жоқ. Келіссөздерде жарияланған сұраныс көлемі шамамен 3,2 млн тонна. Оны тасымалдаудың түрлі нұсқалары қаралу үстінде. Қазір жалпы сұрақтар бойынша ортақ мәмілеге келдік. Енді мемлекет ішіндегі процедуралардан өткеннен кейін өзге министрліктердің мақұлдауын алуымыз керек. Ғылыми-құқықтық, инвестициялық сараптама жасалуы тиіс. Содан кейін ғана экспортқа шыға аламыз», - деді Әсет Мағауов бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр Беларусь тарапымен экспорт көлемі бойынша келісімге келгеннен кейін ғана шикізат қай бағыт арқылы тасымалданатыны талқыланатынын айтып өтті.

«Ресейлік әріптестерімізбен де сол кезде сөйлесеміз. Ал Ресей тарапы бұған қарсы дегенді естімеппін. Менің білуімше, Қазақстан тарапынан да, Беларусь тарапынан да ондай ұсыныс түспегені айтылған болатын. Барлық сараптама аяқталғаннан кейін Әділет және Сыртқы істер министрліктерінің рұқсатын алу қажет. Беларусь тарапы сұрап отырған экспорт көлемін қамтамасыз ету үшін бірқатар ережеге өзгеріс енгізу керек. Беларусь Қазақстаннан өзге елдерге де сататын көлемдегі мұнайды алғысы келеді. Мұндай көлемдегі мұнай үшін кедендік экспорт салығы алынады. Бұл біздің бюджетке қосымша шығын. Сондықтан, біз Беларусь жағына өнімді тарату келісімі бойынша келіссөздер жүргізуді ұсындық. Өздері сұраған мұнайды Қазақстаннан кедендік экспорт салығы салынбай шығарылатын өнім ретінде сатып алса ғана біз үшін барынша шығынсыз болар еді», - деді ол.

Әсет Мағауов егер Беларусь тарапымен баға мен маркетинг стратегиясы бойынша келісімге қол жеткізілсе, Қазақстан аталмыш көлемдегі мұнайды кесте бойынша жеткізуге дайын екенін атап өтті.

«Демек, барлығы компаниялармен келіссөз жүргізу нәтижесіне байланысты. Менің ойымша, барлық процедурадан сәтті өтсек, яғни қосымша мақұлдауды қажет ететін басқа мемлекеттік органдар тарапынан күтпеген ескертулер болмаса, келер жылдың басында келісімге қол қойылуы мүмкін», - деді Әсет Мағауов.

Еске сала кетсек, Қазақстан Беларусьқа жылына 1 миллионнан 3,5 миллион тоннаға дейін мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуді жоспарлап отырғанын бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT