Беларусь халқы «арамтамақтық туралы» заңға қарсы ереуілдер өткізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың бірнеше қаласында ел президентінің «Әлеуметтік масылдықтың алдын алу туралы» декретіне қарсы санкцияланбаған ереуілдер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Ең ірі акция Гомелада болды, оған бір мыңнан үш мың адамға дейін қатысты. Сондай-ақ жүздеген адам Могилев, Брест және Витебск қалаларының көшелерімен жүріп өтті.

Наразылық шараларына балаларын жетектеген отбасылар мен зейнеткерлер қатысты. Жиналған жұрттың қолдарында оппозициялық плакаттар болған жоқ деуге болады, бірақ олардың дені «Мен арамтамақ емеспін» деген жазуы бар қағаздарды ұстай келген.

17 ақпан күні осындай акция Беларусь астанасы Минскіде өтті. Оған жергілікті оппозиция өкілдері қатысты. Белсенділер декреттің күшін жоюды, коммуналдық қызметтер бағасын төмендетуді және «таза» сайлауларды қайтаруды талап етті.

12 ақпан күні ескертпе-хабарландырулар жіберілген Беларусьтың 470 мың азаматының 46 мыңы «арамтамақ» салығын төлегені белгілі болды. Ресей валютасымен есептегенде 431 млн. рубль жиналған.

Декретке Беларусь президенті Александр Лукашенко 2015 жылы қол қойған болатын. Оған сәйкес, еңбекке қабілетті, бірақ жұмыс істемейтін, сондай-ақ соңғы алты ай бойы салық төлемейтін республика тұрғындары жыл сайын 250 доллар көлемінде салық төлеуі тиіс. Әйтпеген жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Соңғы жаңалықтар