+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Беларусь Еуразия экономикалық одағына төрағалық ете бастады

2020 жылғы 3 қаңтар 16:09
Бөлісіңіз:
Беларусь Еуразия экономикалық одағына төрағалық ете бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық одағы органдарына - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне төрағалық ете бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БелТА порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 21296 млн долларды құрады Смайылов: Қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ға экспорттауға 70-ке жуық кедергі бар РФ премьері ЕАЭО елдеріне цифрлық технология саласында бірқатар ұсыныс айтты

Ақпан айынан бастап Еуразиялық экономикалық кеңес төрағасы лауазымын Беларусь тарапының өкілі Михаил Мясникович болады. Алдыңғы жылдары ол әртүрлі мемлекеттік қызметтерді, атап айтқанда Ұлттық отырыс Кеңесінің төрағасы, премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшысы және Ұлттық ғылым академиясының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Михаил Мясниковичтің кандидатурасы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңесте мақұлданды. Ол өзінің басты міндеті - барлық құжат пен ЕАЭО басшыларының саяси ерік-жігерін жүзеге асыру деп атады.

«Өзара қабылдаған шешімдерді пысықтау үшін көптеген қажетті, жоспарлы жұмыстар болатынын жақсы түсінемін. Менің білімім мен тәжірибем мұны жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын», - деді Михаил Мясникович Санкт-Петербургте.

Беларусь өкілі ЕАЭО елдерінің бірқатар шенеуніктерімен жеке кездесіп, стратегиялық мәселелерді талқылауға уәде берді.

«Менің ойымша, негізгі базаны құрған жалпы инфрақұрылымдық жобаларды құру туралы (ЕАЭО елдерінің қарым-қатынасы - БЕЛТА түсіндірмесі) мәселелерде, біздің мемлекеттеріміздің экономикасы үшін бірдей болуы керек техникалық реттеумен байланысты жобаларды құруда айтарлықтай ілгерілеуіміз керек», - дейді ол.

Сонымен қатар, 2020 жылы Беларусь Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына тең төрағалық етпек. ТМД-дағы төрағалық Өзбекстанға өтті және Түркіменстан кезекті тең төрағасы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT