Беларусь елінде сотталған ҚР азаматы жазасын өтеу үшін Қазақстанға жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы сотталған қазақстандық Андрей Карпенконы жазасын Қазақстанда одан әрі өтеу үшін беру туралы өтініш хатты қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылы Брест облысы Кобрин ауданының соты Андрей Карпенконы Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып жүргені үшін айыпты деп танып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындаған.

Бұдан кейін, сотталған А.Карпенко Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жазасын одан әрі өтеу үшін оны отанына қайтару жөнінде өтініш жасады», - делінген хабарламада.

ҚР Бас прокуратурасы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде оның өтінішхаты қанағаттандырылған. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Андрей Карпенко Беларусь елінен Қазақстан аумағына этаппен жеткізілген. Ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар