Беларусь елінде Астананың 20 жылдығы атап өтілді

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Минскіде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Оған Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Евдоченко, депутаттар, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, ірі кәсіпорындардың басшылары, жетекші ғалымдар, Беларусьтің мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері және тағы басқалары қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Беларусь еліндегі Елшісі Ермұхамет Ертісбаев Астана қысқа мерзімде салынған ХХІ ғасырдың жалғыз астанасы екендігін және Қазақстан ғасырдың басында жаңа елорданы салған жалғыз ел болғанын атап өтті. Жаңа астананың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертіп, оны экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналдырды.



А.Евдоченко өз сөзінде жаңа елорданы салу идеясын ұсынып, оны жүзеге асырған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті. Ел Президентінің Астананы дамытуға үнемі назар аударуы және алаңдаушылығы оны Еуразиядағы серпінді дамып келе жатқан мегаполиске, қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті қалаға айналдырғанын айтып кетті.

Іс-шара барысында Астана қаласына арналған фотокөрме және бейнебаяндар көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар