+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Беларусь әскери делегациясы Қазақстанға келді

2021 жылғы 17 мамыр 21:20
Бөлісіңіз:
Беларусь әскери делегациясы Қазақстанға келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов елімізде қызмет бабымен іс-сапарда жүрген Беларусь Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ішкі әскерлер қолбасшысы генерал-майор Николай Карпенков бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Күзде Қазақстан мен Ресей әскери полигонындарында оқу-жаттығу өтеді

Екіжақты әңгіме кезінде қос ел күш құрылымдары арасындағы орнаған қарым-қатынасқа толықтай ризашылық білдірді.

Кездесу барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қонақтарды құқықтық тәртіп әскерінің қызметтік-жауынгерлік әрекеті және атқаратын негізгі міндеттерімен таныстырып өтті.


Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Ұлттық ұланы мен Беларусь ІІМ ішкі әскерлері арасында құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың көкжиектері мен өзара қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын атап өтті.


Елордадағы іс-сапары кезінде Беларусь елінің делегациясы Ұлттық ұланның Әскерді басқарудың орталығының мүмкіндіктері, 5573 әскери бөлімінің қызметтік-жауынгерлік әрекеті және әскери қалашықтың инфрақұрылымымен танысып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Сапар аясында екі ел күш құрылымдарының жетекшілері Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы аумағындағы «Достық аллеясында» өзара қарым-қатынасты нығайтудың белгісі ретінде бірлесіп ағаш отырғызды.


Әрі қарай белорусстық делегация еліміздің Алматы, Өскемен және Семей қалаларына сапар шегіп, онда Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығы және Дағдарысқа қарсы оқу орталығының мүмкіндіктерімен таныспақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT