Бельгияның корольдік кітапханасына Абай кітаптары берілді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі Абай күнінде елдегі ең ірі Корольдік кітапхананың қорына қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл Абайдың француз тіліндегі «Қара сөздері» жинағын тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сондай-ақ, бельгиялық тарапқа қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен оның құндылықтарына ұқсас атақты бельгиялық ақын Гидо Гезелль туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақ ақынының француз тіліндегі «Қара сөздері» Брюссель муниципалды кітапханалары мен мектептеріне сыйға тартылды. Бельгия корольдік кітапханасы 1837 жылы құрылған және елдегі ең үлкен кітапхана. 17 қабаттық кітапханада 6 миллионнан астам том бар.

Авторы: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар