Бельгиялық физик Астананы Сингапур мен Дубай қалаларына теңеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астананың сәулеті Сингапур мен Дубай қалаларынан кем емес. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Елордада өткен 45-ші Халықаралық олимпиадаға бағын сынауға келген белгиялық команданың жетекшісі Филипп Леонард айтты.

Еуропа тұрғынының айтуынша, Астана ғимараттарының құрылысы Сингапур мен Дубай қалаларына қатты ұқсайды.

«IPho өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Маған мыңжылдық тарихы бар Брюссельдің тұрғыны ретінде жаңа да жасампаз қаланың сәулетін көру үлкен әсер қалдырып отыр. 16 жылдық тарихы бар Астана өзінің жастық албырттығы мен болашаққа деген ұмтылысымен таң қалдырады», - деді ол.

Бельгиялық азамат Астанада адамдардың өмір сүруі мен жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасалғандығын да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар