Бельгияға кіретіндер үшін COVID-19-ға тестілеу талаптары өзгерді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгиялықтар 2021 жылды қатаң карантин жағдайында қарсы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгияда түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін комендант сағаты енгізілген.

Сондай-ақ, Бельгия колорльдігінің жарлығына сәйкес, егер мерекелік кеш ұйымдастырып жатқанына сенімді болса полиция қызметкерлері тұрғындардың үйіне кіріп, айыппұл салуға құқы бар.

Мұндай заң бұзушылық үшін төленетін айыппұл мөлшері 770 еуроға дейін өсті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне осындай шараны ұйымдастырушылардың жабдықтарын (музыкалық аспаптар, көліктер) тәркілеуге рұқсат берілді.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының көбеюін шектеу үшін «қызыл аймақтағы» шетелде 48 сағаттан артық болғаннан кейін Бельгияға кіретін адамдарға жаңа шаралар енгізілді. Саяхатшылар оралғаннан кейін 1-ші және 7-ші күні міндетті түрде ПТР таст тапсыруы керек.


Соңғы жаңалықтар