Бельгиядағы су тасқынынан 6 адам көз жұмды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – «Бернд» циклоны Бельгия және Германияның кейбір бөліктеріне нөсер жауын әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгияның Льеж және Намур провинциялары апат аймағы деп жарияланды.

Бейсенбіде Льеж провинциясында су тасқыны салдарынан көз жұмған төрт адамның денесі табылды. Осылайша Бельгияда табиғат апатынан мерт болғандардың жалпы саны алтыға жетті. Бельгия прокуратурасының хабарлауынша, олардың денесі Вервье аймағынан табылған.

Апатты жағдайға байланысты Еуроодақ шұғыл көмек көрсетуді қолға алды. Антверпен, Шығыс Фландрия және Батыс Фландриядан азаматтық қорғаныс бөлімдері жұмылдырылды.

Льеж провинциясының Пепинстер муниципалитетінде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі адамдарды шатырда отыруға мәжбүр болған.


Соңғы жаңалықтар